2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 274-299-қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 2004.31.12. № 197ааб қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

285-қосымша

233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы

нормативтiк-техникалық құжаттарды жетiлдiру"

деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 143225 мың теңге (бір жүз қырық үш миллион екi жүз жиырма бес мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегі Заңының 28 және 29-бабы, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi Заңы, "Өрт қауiпсiздiгі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы, "Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2003-2005-жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысы, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қарашадағы № 1778 қаулысы және Үкіметтiң 2003 жылғы 20 мамырдағы № 462 қаулысымен оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, "ТМД елдерi шеңберіндегі келісімдер мен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1992 жылғы 22 маусымдағы № 540 қаулысы және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкiметінiң арасындағы стандарттау, метрология және сертификаттау саласы туралы 1994 жылғы 18 тамыздағы келісім. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 қаңтардағы № 534 Жарлығымен бекітілген "Білім беру", "Халықтың денсаулығы" қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар. "Ауыл мектебi" қолданыстағы салалық (секторальдық) бағдарлама, Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 4 ақпандағы № 128 және 1999 жылғы 30 маусымдағы № 905 қаулыларымен бекітілген "Салауатты өмiр салты" кешендi бағдарламасы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Экономиканың базалық салалары объектiлерiнiң құрылысын жобалаудың нормативтiк базасын жетiлдiру және жаңарту, халықаралық стандарттармен және нормалармен, сондай-ақ ТМД елдерiмен қолданыстағы нормативтердi үйлестiру.

Республикалық немесе жергілiктi бюджеттер қаражаты есебiнен тұрғызылатын ауылдық жерлер үшiн әлеуметтiк инфрақұрылымның негiзгi объектiлерiнiң құрылысы үшiн қажетті жобалық-сметалық құжаттаманы қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: сметалық-нормативтік құжаттарды жетiлдiру және сметалық нормалардың нормативтік базаларын кеңейту;

сәулет-қала құрылысы қызметi мен құрылыстық жобалау саласында нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлеу және қайта өңдеу;

құрылыс өндiрiсi саласында нормативтік-техникалық құжаттарды әзiрлеу және қайта өңдеу;

үдемелi материалдарды, инженерлiк жабдықтарды және тұрғын-үй-азаматтық және өнеркәсiптiк құрылыстағы технологияларды пайдалана отырып жобалық ұсыныстар, техникалық шешiмдер әзiрлеу;

құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды мемлекеттік тiлге аудару және түзетулер жасау;

"Құрылыс саласындағы халықаралық, өңірлiк және ұлттық стандарттарды сатып алу";

бiздiң заңнамалық базамызға сәйкес келетін аумақтарды, халықаралық нормалар мен ережелердi, ТМД елдерiнiң өзара мүдделерiн танытатын объектiлердi жобалау және құрылысын салуға арналған нормалар талаптарымен үйлестiрiлген стандарттарды ұйымдастыру саласындағы нормативтердi әзiрлеу және сатып алу;

iздену, жобалау, құрылысын салу үшiн, мықтылық, тиiмдiлiк, жарылыс-өрт қауiпсiздiгi, еңбек қауiпсiздiгi проблемалары бойынша, отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеудi қамтамасыз етудiң жалпы техникалық нормативтiк құжаттарын қалыптастыру.

"Үлгiлiк жобаларды әзiрлеу"

1. Қазiргi заманғы үлгiлiк жобаларды әзiрлеу (әртүрлi табиғи климаттық және сейсмикалық жағдайлардағы аудандар үшiн 5 үлгілiк жобалар бойынша):

1) орташа және iрi ауылдық елдi мекендер, сондай-ақ қала түріндегі кенттер үшiн мектеп-интернат;

2) орташа және iрi ауылдық елдi мекендер, сондай-ақ қала түрiндегі кенттер үшiн босанатын бөлiмдерi бар көпсалалы ауруханалар;

3) iрi ауылдық елдi мекендер мен аудан орталықтарында құрылысын салу үшiн туберкулезге қарсы ауруханалар (диспансерлер);

4) орташа ауылдық елдi мекендер мен қала түріндегі кенттерде құрылысын салу үшiн босанатын үйлер.

2. Yлгiлiк жобалық құжаттарды көп қайтара пайдалану, үлгілік жобаны сатып алуды, сондай-ақ оны нақты аймақты жерге және инженерлiк қамтамасыз ету шарттарына бекітуге ақы төлеу шығындарын көздейтiн оны әзiрлеуге шығындарды азайту.

3. Қасақана немесе алдын ала әдейiлеп жобалау тапсырмасына және жобаға негiзсiз қымбаттауларды немесе құрылыс-монтаждық жұмыстардың жоғары көлемдерiн салуға мүмкiндiк бермейтiн рационалдық үлгілiк, технологиялық, көлемдi-жоспарлық, құрылыстық-құрастырмалық және инженерлiк жобалық шешiмдер.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: "Республикалық деңгейдегi жобалық-iздену, құрастырмалық және технологиялық жұмыстар" 54 бірлiк нормативтiк-техникалық құжаттар әзiрленетін және қайта өңделетін және 65 бірлiк мемлекеттік тiлге аударылған нормативтік-техникалық құжаттар қайта басылатын болады. Дамыған елдердiң үдемелi техникалық регламентiне сәйкес келетiн құрылыстағы 54 нормативтiк құжатты қолданысқа енгізу.

"Құрылыс саласында халықаралық, өңiрлiк және ұлттық стандарттарды сатып алу" 12 бірлiк техникалық нормаларды әзiрлеудi аяқтау және 10 Мемстандарттарды сатып алу.

Республиканың құрылыс кешенiн қазiргi заманғы талаптарға жауап беретiн және сауда-экономикалық қатынастардағы кедергiлердi болдырмайтын мемлекетаралық нормалармен және стандарттармен қамтамасыз ету.

"Yлгiлiк жобаларды әзiрлеу"

Әлеуметтiк инфрақұрылым объектілерiн жобалау және құрылысын салу кезiнде мемлекеттік шығындарды оңтайландыру, олардың толыққанды және тұрақты жұмыс iстеуiн кейiннен қамтамасыз ету, әзiрлеудi бастау үшiн, 2004 жылы басталатын әзiрлеме - 20 бірлiк.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

286-қосымша

233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ақпараттық

жүйенi құру және дамыту"

деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 17118 мың теңге (он жетi миллион бір жүз он сегiз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Өлшем бірлiктерiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 5-бабы, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 10-бабы, "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 мамырдағы Заңының 6 және 17-баптары, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, "Қазақстан Республикасының Бірыңғай ақпараттық кеңiстігінiң тұжырымдамасы және оны iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 1999 жылғы 29 шiлдедегi № 715 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өлшем бірлiктерiн қамтамасыз ету саласындағы ресми ақпаратқа еркiн қол жеткізудi ұсыну, Қазақстан Республикасының мүдделi заңды тұлғаларын шұғыл ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн Мемстандарт басқармасының бірыңғай жүйесiне енетiн автоматтандырылған ақпараттық жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу және оны ИСОНЕТ халықаралық торабы мен мемлекетаралық ИНФКОС-қа қосу; оларды орталықтандырып есептеуге арналған сәйкестiк сертификатының бірыңғай peестрiн жасау, сертификаттар мен олардың көшiрмелерiнiң түпнұсқалығын тексеру кезiнде ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ сертификаттау нәтижелерiн, орталықтандырылған ақпараттық қамтамасыз етуге талдау және сертификаттау жөніндегі органдардың қызметін жүргiзу.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: деректер қорын жасау және оны Интернет жүйесiне шығару; "Мемлекеттік стандарттар", "Каталогтандыру", "Библиография" стандарттау, метрология және сертификаттаудың жұмыс iстеп тұрған автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн (ААЖ) бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу, бірыңғай тiркелiм және сәйкестiк сертификаттары есебiнiң орталықтандырылған жүйесiн жасау.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: өлшем бірлiктерiн қамтамасыз ету саласында локальдық торапты қалыптастыру, төрт ААЖ дайындау және енгізу, жабдықтардың бағдарламалық қамтамасыз ету, құрастыру, жайын орайластыру, Бағдарламаны iске асыру сәйкестік сертификаттарының есебi үшiн сертификаттардың бірыңғай тiзiлiмiн, бірыңғай ақпараттық жүйенi жасауға мүмкiндiк бередi.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

287-қосымша

233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Жаңа технологияларды құру және дамыту"

деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 71842 мың теңге (жетпiс бір миллион сегiз жүз қырық екi мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі Іс-шаралар жоспары" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әлемдiк рынок үрдiстерiн ескере отырып, өңдеушi өнеркәсiп салаларын дамытудың бағыттарын айқындау.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: әлемдегi өңдеушi өнеркәсiптiң технологиялық дамуы саласында әзiрлеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: Өңдеушi өнеркәсiп салаларын технологиялық дамыту бағытындағы 6 конъюнктуралық зерттеулер негізінде талдамалық ақпарат дайындау, ішкі өндірісті кеңейту және өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті өнімін шығару үшін талдамалық шолу материалдарымен қамтамасыз ету, өнеркәсіп салаларының ғылымды қажетсінетін ресурстық- және энергия сақтайтын технологиялары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету және өнеркәсіптегі инновациялық-информациялық ортасын қалыптастыру, әлемдегі технологиялар дамуының басым бағыттарын айқындау, машина жасау, жоғарғы технологиялық, тұтыну тауарлары, салаларын дамытудың 3 салалық бағдарламаларын әзірлеу.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

288-қосымша

233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Экспорттық бақылаудың ақпараттық жүйесiн дамыту"

деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 18500 мың теңге (он сегiз миллион бес жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 12-14-баптары, "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңының 5-1, 5-2-баптары, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, "Қару-жарақты, әскери техниканы, сондай-ақ оларды өндiрумен байланысты шикiзатты, материалдарды, жабдықтарды, технологияларды және қызмет көрсетулердi экспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 30 қаңтардағы № 120 қаулысы, "Қару-жарақты, әскери техниканы, сондай-ақ оларды өндiрумен байланысты шикiзатты, материалдарды, жабдықтарды, технологияларды және қызмет көрсетулердi экспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесiн енгізу жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 19 тамыздағы № 1025 қаулысы, "Қазақстан Республикасындағы тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысы, "Қазақстан Республикасындағы бақылауға жататын есiрткiлiк, психотроптық заттар мен прекурсорлар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 9 наурыздағы № 186 қаулысы, "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң тiзiмiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 1 тамыздағы № 1282 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Сауда комитетi туралы ереже" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 18 қарашадағы № 1220 қаулысы.